Қазақстанмен бірлесе өндірілген фильм Карловы Варыда үздік деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанмен бірлесе өндірілген фильм Карловы Варыда үздік деп танылды Георгий Овашвили. Сурет: kviff.com

Қазақстан, Германия, Грузия, Франция және Чехия елдері бірлесе түсірген режиссер Георгий Овашвилидің "Жүгері алқабы" фильмі Карловы Варыда өткен Халықаралық кинофестивальдың Бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан, Германия, Грузия, Франция және Чехия елдері бірлесе түсірген режиссер Георгий Овашвилидің "Жүгері алқабы" фильмі Карловы Варыда өткен Халықаралық кинофестивальдың Бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Психологиялық драмада 16-жасар қыз бен апасының Абхазия мен Грузия шекарасында жүгері алқабын тапқандығы туралы көрсетіледі. Фильмнің продюссерлерінің бірі - кинематографист Сайын Ғабдуллин. Айта кетейік, Карловы Варыда өткен 49-шы кинофестивальдың негізгі байқауына қазақстандық режиссер Нариман Түребаевтың "Оқиға" фильмі де кірген. 

"Оқиға" фильмін "Қазақфильм" киностудиясы өндірген. Фильмді режиссер Федор Достоевскидің "Ақ түн" шығармасының желісі бойынша түсірген. Басты рөлде  VIII Халықаралық "Еуразия" кионфестивалінде "Конвой" фильмінің арқасында ең үздік ер азаматтың рөлі атағын жеңіп алған Азамат Нығманов пен жас актриса Айнұр Ниязова ойнаған. Бірақ Карловы Варыдағы фестивалде бұл фильм жүлдеге ілінген жоқ. 

Халықаралық кинофестиваль 1956 жылдан бері Чехияда жыл сайын өтіп тұрады. Байқаудың басты сыйлығы - "Хрусталь глобус".

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети