Қажымұқан ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажымұқан ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды Әлеухан Бекболатұлы. "Знай наших" фильмінің кадры. ©kino-teatr.ru

Әйгілі палуан, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы кеше, 19 қаңтарда Қарағандыда өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Ескендір Ертаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі палуан, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы кеше, 19 қаңтарда Қарағандыда өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Ескендір Ертаевқа сілтеме жасап. 

Ертаевтың айтуынша, өнер иесі жүрегі сырқатынан қайтыс болды. Марқұмды шығарып салу рәсімі 20 қаңтар күні Қарағанды тас жолындағы "Райымбек" дәмханасында өтеді.

Әлеухан Бекболатұлы 1955 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Ол Қажымұқанның роліне жүздеген үміткердің арасынан іріктелген. 

Режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың "Знай наших" фильмін "Қазақфильм" киностудиясы 1985 жылы түсірді. Фильм сюжеті бойынша, ХХ ғасырдың басында қазақтың палуаны Қажымұқан үлкен аренада белдеседі. Бұдан кейін палуан Парижге барып, жеңіске жетеді. Айта кетейік, фильмде Әлеухан Бекболатұлы, Дмитрий Золотухин, Александр Фуфачев, Сослан Андиев, Фёдор Сухов, Аскольд Макаров, Елена Акифьева, Георгий Мартиросян сияқты актерлер де ойнады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети