02 маусым 2015 | 10:47

"Рэкетир-2" бір аптада 114 миллионнан аса қаржы тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түсірілім сәті Түсірілім сәті

Ақан Сатаевтың криминалдық драмасының жалғасы "Рэкетир-2" прокатқа шыққаннан кейін бір аптада 114 миллион теңге (613 мың доллар) табысқа қол жеткізді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картина продюсері Анна Чакиртова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Ақан Сатаевтың криминалдық драмасының жалғасы "Рэкетир-2" прокатқа шыққаннан кейін бір аптада 114 миллион теңге (613 мың доллар) табысқа қол жеткізді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картина продюсері Анна Чакиртова хабарлады.

Бюджеті 900 мың доллар болған "Рэкетир-2" фильмі қазақстандық прокатқа 28 мамырда шықты және бірінші уикендтің қорытындысы бойынша жиналған қаражат арқылы бірінші орынға көтерілді. Лентаның соңғы бес жылда қазақстандық прокатқа шыққан отандық фильмдердің ішінде осы уақыт ішінде қаражат жинап үлгеру бойынша бірінші орынға көтерілді. 

Екінші бөлімде басты кейіпкер Саян Беккәрімовтің (Саят Исембаев) қылмыстық әлемнен бойын аулақ ұстап, үлгілі отағасын сомдайтыны белгілі болды. Бірақ оған 10 жылдан кейін Була (Дастен Шәкіров) - Жанның (Жан Байжанбаев) сатқындығынан қаза болған Русланның інісі келеді. Ол көп жылдар бойы ағасының кегін қайтарғысы келіп, Саяннан көмек сұрап келеді. Айта кетейік, сиквелде ғашықтар тақырыбы кеңінен қозғалады.  

Көрермендер картинаның бірінші бөліміне түскен актерлармен қатар жаңа кейіпкерлерді көре алады, олар: Дастен Шәкіров, Максим Акбаров, Азамат Сатыбалды, Аружан Жазылбекова, Аян Өтепберген, Жанар Дұғалова, Фархад Әбдірайымов. "Рэкетир-2" фильмі Мәскеуде 6 маусымда прокатқа шығады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети