01 маусым 2015 | 07:12

Репрессияға ұшыраған тарихшы Бекмаханов жайлы фильмнің таныстырылымы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған "Аманат" фильмнің таныстырылымы Астанада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған "Аманат" фильмнің таныстырылымы Астанада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм үш кезеңді көрсетеді: ХІХ ғасырдың ортасы - Кенесары ханның билік құрған кезі, ХХ ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Сюжет бойынша 60-жылдары жас журналист Рамазан Думан репрессияланған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы очерк жазады. Ермұхан Бекмаханов Кенесары Қасымовтың азат ету әрекеті жайлы еңбектер жазғаннан кейін 25 жылға түзету-еңбек лагеріне қамалады. Журналист мәлімет іздеп жүріп, Бекмахановтың жарынан көмек сұрайды, сол арқылы көрермен 40-50 жылдарға - тарихшы Бекмахановтың Кенесарының көтерілісі жайлы ғылыми еңбек жазып, деректерді зерттеп жатқан сәтіне оралады.

Фильм түсірілімдері Алматы мен Алматы облысында өтті. Басты рольдерде Берік Айтжанов (Ермұхан Бекмаханов), Қарлығаш Мұхамеджанова "тарихшының әйелі Халима", Санжар Мәдиев (Кенесары), Әзиз Бейшеналиев ("МҚК" қызметкері Бучин), Азат Нұртаев (Рамазан).

Фильм тарихи оқиғалардың негізінде түсірілген. Картина режиссері әрі сценарий авторы Сатыбалды Нарымбетов Астанада өткен баспасөз мәслихатында тарихшы Ермұхан Бекмахановтың әйелі Халимамен таныс екенін айтты.

"Қанша адамның өткенге оралмастай болып кеткені жайлы ойландым, 70-жылдардан бастап Бекмахановтың отбасымен таныс болдым. Бір уақта Халима апай Бекмахановтың Кенесары жайлы стенограммасын, күнделік жазбаларын сыйлады. Фильмде Халел Досмұхамедовтың ролінде ойнайтын актердің жас Бекмахановқа "Ит айнаға қарап үріп жатса, ол арғы беттегі итті бөтен ит екен деп ойлайды. Біздің те тарихқа деген қарым-қатынасымыз сондай, өткенімізді білмейміз, бөтен біреудің тарихы екен дейміз де, үре береміз. Сталиннің кезінде біздің өткенімізге балта шабылды, біз уақыты болмаған ұлт сияқтымыз, өткеніміз жоқтай. Егер терең қазсаң, ұлы ұлттың тарихы жатыр" деген сөзі бар, - деді Нарымбетов. 

Санжар Мәдиев Кенесарырың ролінде.

Сюжет бойынша - үш желі мен үш кейіпкер - Кенесары, Ермұхан және Рамазан - әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Режиссердің айтуынша, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі - әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты.

Ермұхан Бекмаханов -"Казахстан в 20-40 годы XIX века" кітабы үшін Қазақстан мен Орта Азияда тарих ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш тарихшы. Бұл кітапта тарихшы Кенесары Қасымовтың көтерілісі жайлы жазады. Сол жылдары бұл көтеріліске "қазақтардың феодалдық-буржуазиялық көтерілісі" деген баға берілді. Тарихшының үстінен шағым түседі, оған "орысқа қарсы әрекеті" мен тарихты бұрмалады деген айып тағылады. Сталиннің өлімінен кейін, 1954 жылы Бекмаханов бостандыққа шығады. 1966 жылы Ермұхан Бекмаханов өкпе қабынуынан қайтыс болады.

Халиманың ролінде Қарлығаш Мұхамеджанова және Ермұхан Бекмахановтың ролінде Берік Айтжанов.

Актерлер Санжар Мәдиев пен Қарлығаш Мұхамеджанова баспасөз мәслихатында түсірілім алдында тарихи деректермен танысып шыққанын айтып берді. Мәдиев болса басты рольге таңдалған кезінде Кенесарының ролінде ойнауға рұқсат сұрау үшін мешітке де барыпты. 

Әзиз Бейшеналиев МҚК қызметкері Бучиннің ролінде ойнады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети