21 қазан 2015 | 09:54

Ресейдің жаңа фильмнің тизерінде Алматы ресейлік қалалардың қатарында "бір үлкен елдің бөлігі" деп көрсетілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kinomars.net © kinomars.net

"Голоса большой страны" фильмінің режиссері Таир Мамедов Tengrinews.kz тілшісіне фильмнің даулы тизеріне қатысты түсінік берді.


Иконка комментария блок соц сети

"Голоса большой страны" фильмінің режиссері Таир Мамедов Tengrinews.kz тілшісіне фильмнің даулы тизеріне қатысты түсінік берді.

Тизер Қазнеттің кейбір қолданушыларының наразылығын туғызды. Тизерде қазақстандық Алматы, Грузияның Тбилисиі, Арменияның Ереваны мен белорустың Минск қаласының ресейлік Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Краснодар, Уфа, Пермь, Қазан, Нижний Новгород және Мәскеу сияқты қалаларының қатарында "бір үлкен елдің" бөліктері ретінде көрсетіледі.

Мамедовтың айтуынша, бұл қателік. "Кино - күрделі процесс, онда көптеген департаменттер қатысып, кейде қателіктер болып тұрады. Жарнама ролигін жасаушылар географияны шатастырып алған. Кинода бұл қателік болмайды. Уайымдамаңыздар және ренжімеңіздер", - деді ол.

"Голоса большой страны" комедиясын актер, сценарист әрі Comedy Club шоуының бұрынғы резиденті Таир Мамедов түсірген. Картинада жастар Мәскеуге танымал телевизиялық шоуға қатысу үшін келеді. Фильм 2016 жылдың 7 қаңтарында шығады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети