Ресейлік жас режиссер Евгений Бекішбеков азғантай ғана қаржыға қарағандылық жастар туралы "Қарағанды-Майами" деп аталатын фильм түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Ресейлік жас режиссер Евгений Бекішбеков азғантай ғана қаржыға қарағандылық жастар туралы "Қарағанды-Майами" деп аталатын фильм түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Жалпы уақыты 50 минутты құрайтын фильмде махаббат пен еркіндік армандаған жастардың күнделікті өмірі баяндалады. Картинадағы барлық рөлді еріктілер сомдаған. "Бұл үлкен жобадағы менің алғашқы толыққанды жұмысым болып табылады. Жалпы мен жан-жақты адаммын. Сол себепті мен өзімді әр қырымнан танытқым келеді. Маған режиссер Евгений Бекішбеков фильмге түсуге ұсыныс жасағанда мен бірден келісімімді бердім. Себебі мен оның бұған дейінгі жұмыстарын да білетінмін. Мен кәсіби актер болуды армандайтынмын.. Алайда Қарағандыда өз өзіңді көрсетуге мүмкіндік шамалы", - деді басты рөлді сомдаған Евгений Круподер.
Жас актер атап өткеніндей, "Қарағанды-Майами" фильмінің трейлерін көрген көрермендер туындыға қатысты сыни пікірлер білдіруде асығыстық танытқан. "Желілерде осы фильмге қатысты жағымсыз пікірлер қаптап жүр. Сондықтан мен фильмді бастан аяқ көріп шығуды ұсынамын. Сол уақытта көрермендер біздің қаламыздағы көзге көріне бермейтін тұстарын көруге де, жағымды энергетикалық алуға да мүмкіндік алады", - деді Круподер.
Еске саламыз, "Қарағанды-Майами" прокатқа шықпайды, оны тек желілерден ғана көруге болады.