Режиссер Эльдар Рязанов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Эльдар Рязанов қайтыс болды Эльдар Рязанов © РИА Новости

Режиссер Эльдар Рязанов 89 жасқа қараған шағында Мәскеуде қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне оның немересі Дмитрий Трояновский хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Эльдар Рязанов 89 жасқа қараған шағында Мәскеуде қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне оның немересі Дмитрий Трояновский хабарлады. 

"Ол қайтыс болды", - деді Трояновский.

Тамыз айының соңында Эльдар Рязанов Бакулев атындағы институттан шығарылды. Сол уақытта дәрігерлер оның денсаулығының оңалып келе жатқанын айтқан еді. Рязанов осының алдында да жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскен болатын. 88 жастағы режиссер ауруханада ем-дом қабылдады. 

Эльдар Рязанов - кеңес одағының және Ресейдің кинорежиссері, сценарист, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы және продюсер. "Зигзаг удачи", "Старики-разбойники", "Невероятные приключения итальянцев в России", "Ирония судьбы, или С легким паром!", "Служебный роман", "Вокзал для двоих" фильмдерін түсіргеннен кейін атақты бола түсті. Эльдар Рязанов - КСРО-ның халық әртісі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети