Роберт Паттинсон түскен "Бэтменнің" трейлері шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роберт Паттинсон түскен "Бэтменнің" трейлері шықты

"DC FanDome" атты онлайн іс-шарада жаңа "Бэтмен" трейлерінің премьерасы көрсетілді, фильмде ұлыбританиялық актер Роберт Паттинсон басты рөлді сомдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"DC FanDome" атты онлайн іс-шарада жаңа "Бэтмен" трейлерінің премьерасы көрсетілді, фильмде ұлыбританиялық актер Роберт Паттинсон басты рөлді сомдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трейлерде жаңа кадрлар мен кейіпкерлер көрсетілді. Трейлер YouTube "WBRussia" арнасына жарияланды.

Фильм Готам-Ситиде қылмыспен күресуге шешім қабылдаған миллиардер Брюс Уэйннің тарихына жаңа көзқараспен қарайды.

Трейлерде көрермендер актриса Зое Кравицті мысық әйел ретінде, ал актер Энди Серкисті Брюстегі Альфред Пенниворт ретінде көреді.

Фильмде Готамның қорғаушысын ерлік мансабының басталған сәтінен бастап көрсетеді. Сюжетке сәйкес, ол жауыздармен, оның ішінде Ридлер және Пингвинмен күресу керек.

Еске салайық, кино өндірісі 2020 жылдың 27 қаңтарында басталды. Алайда наурыздағы карантин шараларына орай белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған.

Кедергілер фильмнің шығатын күнін ұзартып жіберген. Студия фильмнің премьерасын биыл 25 маусымға жоспарлады, бірақ ол 2022 жылдың 4 наурызына ауыстырылды.

Фильмнің режиссері Мэтт Ривз жаңа Batmobile-ды әр қырынан көрсететін суреттер, сондай-ақ, "заманауи" Бэтмен костюмін киген Паттинсонның видеосын жариялап, жанкүйерлердің премьераға деген қызығушылығын тудырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети