12 шілде 2016 12:29

"Сабина келін" фильмі Швецияда өткен кинофестивальде жүлделі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келинка Сабина" фильмінен алынған сурет "Келинка Сабина" фильмінен алынған сурет

"Сабина келін" фильмі Swedish International Film Festival 2016 халықаралық фестивалінде жүлделі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сабина келін" фильмі Swedish International Film Festival 2016 халықаралық фестивалінде жүлделі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер мен продюсер Нұртас Адамбаевтың картинасы Best International Feature Film ("Үздік халықаралық көркем фильм") номинациясын жеңіп алды. "Бұл жеңістен кейін біз "Сабинаның" екінші бөлімін де осы фестивальге жіберуді шештік. Сонымен қатар, "Ауылдан қашу" фильмін де жібереміз", - деп жазды Нұртас Адамбаев.

Айта кетейік, халықаралық фестиваль Швецияда 4-8 шілде аралығында өткен болатын. Фестивальдің мақсаты жастар мен әлемдегі тәуелсіз кинематографистерді қолдау еді.

Бұл "Сабина келін" фильмі жеңіп алған бірінші жүлде емес. 2015 жылы осы картина Индонезияда өткен халықаралық International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Film фестивалінде бас жүлдесіне ие болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети