Самал Еслямова түскен қазақстандық фильм Францияда көрсетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған Видеодан алынған

Қазақстандық "Конокрады. Дороги времени" фильмі Францияда прокатқа шығып, елдің 21 қаласында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық "Конокрады. Дороги времени" фильмі Францияда прокатқа шығып, елдің 21 қаласында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің фильмінде жылқы ұрылары әкесін өлтіргеннен кейін тыныш өмірі күйреген тату отбасы туралы баяндалады. Адам қолынан қайтыс болған Олжастың 12 жасар ұлына әкесінің өлімі ауыр тиіп, кенеттен өзіне және кішкентай қарындастарына түсетін зұлымдықпен күресуге тырысады. Үмітсіздік пен қорғансыздық сәтінде Олжас есімді жұмбақ бейтаныс адам отбасына көмектесе бастайды.

"Біз осы бір жарым жыл ішінде көп күш пен эмоция жұмсадық. Карантин мен санитария шараларына байланысты шығарылым үш рет шегерілді. Алдымен үмітіміз үзіліп, қолды бір сілтегіміз келді, кейін бар күшімізді жинап қайтадан жұмысқа кірістік. Өйткені, бұл фильм үлкен экранда көрсету үшін түсірілген", - деп бөлісті продюсер Юлия Ким.

Киноға мықты актерлік құрам жиналды. Ең үздік әйел рөлі үшін Канн кинофестивалі жүлдесінің иегері Самал Еслямова, белгілі театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жапон актері Мирай Морияма фильмге түсті. Әкесінен айырылған ұлдың рөлін Мәди Минайдаров сомдады.

2021 жылдың 29 шілдесінде Парижде қатаң санитария шараларын сақтай отырып, арнайы көрсетілім өтеді. Көрсетілімнен кейін қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылады.

"Жапондық режиссер Лиза Такебамен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематографтың отанында көрсетілетіні біз үшін қуанышты жағдай. Париж кинотеатрларының біріне жасырын кіріп, Француз көрермендерімен бірге фильмді көріп, олардың реакциясын сезінгім келеді", - деп бөлісті режиссер Нұрмұхамбетов.

Айта кетсек, фильм "Конокрады. Дороги времени" 2019 жылы 24-ші Пусан халықаралық кинофестивалін ашқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro