27 ақпан 2017 15:07

Санжар Мәди түскен фильм ресейлік прокатта көш бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарик Андреасянның кеңестік суперқаһармандар туралы "Қорғаушылар" фильмі өткен демалыс күндері 221 миллион рубль жинап, ресейлік кинопрокаттың көшін бастады, - деп хабарлайды Kinobusiness.com.


Сарик Андреасянның кеңестік суперқаһармандар туралы "Қорғаушылар" фильмі өткен демалыс күндері 221 миллион рубль жинап, ресейлік кинопрокаттың көшін бастады, - деп хабарлайды Kinobusiness.com.

Фильм cюжеті қазіргі Ресейді белгісіз жаулап алушылардан қорғап қалуы тиіс суперқаһармандар туралы.

Екінші орында АҚШ пен Қытай бірігіп түсірген "Великая стена" фильмі тұр. Өткен демалыста бұл фильм 191 миллион рубль, ал екі аптада жарты миллиард рубль жинаған екен. Үшінші орында 85,3 миллион рубль көрсеткішімен Роман Каримовтың "Гуляй, Вася!" комедиясы тұр. Екі аптада бұл картина 223 миллион рубль жинаған. 

Ары қарай тізімде "Обитель зла: последняя глава" (59,9 миллион рубль) және 59 миллион жинаған "Лего фильм: Бэтмен" фильмдері орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети