Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Шәкен Аймановтың бейіті Алматының орталық зиратында. ©Әлішер Ахметов Шәкен Аймановтың бейіті Алматының орталық зиратында. ©Әлішер Ахметов

Қазақтың көрнекті режиссері, қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, даңқты актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін өнерсүйер жұрт пен Аймановтың туыстары оның Алматының орталық зиратындағы бейітіне барып, тәу етті. Халық әртісі 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ұлы тұлғаның ғасырлық мерейтойына орай бүгін сағат 17.00-де "Арман" киноорталығында еске алу кеші өтеді. Шара барысында оның "Біздің сүйікті дәрігер" музыкалық кинокомедиясының жаңа заманға сай өңделген нұсқасы көрсетіледі. Аймановтың атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, дарынды кинорежиссердің мерейтойы бүкіл Қазақстан бойынша тойланады. Баянауылда және Павлодарда режиссердің мүсіні орнатылады. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариевтің айтуынша, өңірде Аймановқа ескерткіш тұрғызылған, оның атында мектеп пен мұражай бар. Көктемде Павлодар облысында Шәкен Айманов фильмдері әуендерінің фестивалі болады. Сонымен бірге, облыс орталығында көрнекті режиссер фильмдерінің апталығы өтеді. Шәкен Аймановтың басына гүл қойып, тағзым еткендер оның қазақ киносының классигі екенін айтты. Режиссердің актерлік жолы еске алынды. "Шәкен Айманов қандай образда болмасын, әрқашан адал, тапқыр, түсінігі мол адам бола білді. Ол - ғаламдық деңгейдегі адам", - деді КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов. "Махаббат туралы аңыз", "Дала қызы", "Біз осында тұрамыз", "Тақиялы періште", "Атаманның ақыры" сияқты талай жауһар туындыны өмірге әкелген Шәкен Айманов 56 жыл өмір сүрді. 1970 жылдың 23 желтоқсанында оқыс оқиғаның салдарынан қайтыс болды. Оның есімі қазақ мәдениетінің бір бөлігі іспетті. 2003 жылдан бері Алматыда "Шәкен жұлдыздары" халықаралық кинофестивалі өтіп тұрады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro