02 қараша 2018 | 19:14

Шәріп Серік отбасы, гонорары және кино жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Шәріп Серік Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шәріп Серік Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әртіс сұхбатында балалық шағы, отбасы, гонорары және кино әлеміндегі шығармашылығы жайлы әңгімеледі.

Реклама
Реклама

"(...) Бала кезден еркемін. Қыздардың қасынан шықпайтынмын. Барлығының көңілі менде болса екен дейтінмін. (...) Кішкентай кезімнен фортепианода ойнап, домбыра тартатынмын. Төрт жыл бойы балетпен айналыстым. Бірақ анам менің үнемі хирург болғанымды армандайтын", - дейді заңгер мамандығын оқыған Шәріп.

Сондай-ақ, әртіс анасының оның шығармашылығына қалай қарайтыны жайлы айтып берді. Айтуынша, анасы бастапқыда оның кино әлеміне келгенін аса қолдамаған.

Бұдан бөлек, Шәріп қай актерлермен киноға түскісі келетіні және болашақ жары қандай болуы керектігі жайлы сұрақтарға жауап берді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная