21 қыркүйек 2018 13:59

Арменияның бірінші ханымы жазушылық, армян әйелдері және жұбайы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның бірінші ханымы, балалар жазушысы Нунэ Саркисян Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арменияның бірінші ханымы, балалар жазушысы Нунэ Саркисян Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нунэ Саркисян сұхбатында жазушылыққа қалай келгені, тұңғыш кітабы жайлы, жоспарлары және армян әйелдері жайлы әңгімеледі.

Бұдан бөлек, ол бірінші ханым болудың аса жауапты іс екенін айтып берді.

"Президенттің әйелі болу - өте жауапты іс. Себебі мен арқылы бүкіл елді, мәдениетімізді таниды. Менің киім киісімнен бастап шаш үлгіме дейін, қалай сөйлеп, кіммен кездескеніме дейін мән беріледі. Алайда мен өте ашық адаммын. (...) Олармен сөйлесу, мемлекетімді таныстыру, мәдениетімізді көрсету - жаныма жақын іс. Мен адамдардың дәрежесіне қарамаймын. Мен патша-патшайыммен де, қарапайым құрылысшымен де,  жұмысшымен де, аспазбен де әңгімелесе аламын. Соңғы рет мен ІІ Елизавета патшайыммен кездестім", - деді Саркисян сұхбатында.

Сондай-ақ, Арменияның бірінші ханымы жұбайы жайлы сұраққа жауап берді. Айтуынша, олар мектеп кезінен таныс болған. Биыл отау құрғанына 40 жыл толыпты.

Сұхбат соңында Нунэ Саркисян ауған әйелдеріне көмек көрсету мәселесі талқыланған форумға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Қыдырәлі Болманов,  Әли ОқаповMad Men тобының музыканттары, 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал ЕслямоваНұржан Керменбаев,  Маржан Арапбаева, әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети