12 қаңтар 2018 14:59

Юсуф Чим "Құлпынай иісі", Демет Оздемирмен қарым-қатынасы, ұлтаралық некелерге көзқарасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Юсуф Чим 2011 жылы "Түркияның үздік моделі" атанған болатын. Айта кетейік, ол "Құлпынай иісі" телехикаясымен танымал болған еді.

Актер Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында отбасы жайлы, гонорары туралы, ұлтаралық некелерге көзқарасы және қандай адамдарды ұнатпайтыны жайлы айтып берді.

Актердің айтуынша, олар отбасында үшеу, ол кенжесі. Ағасы және әпкесі бар. 

"Жалпы мен адамдармен оңай қарым-қатынас құрамын. Адаммен бірінші танысып, жақын сөйлесіп, араласқаннан кейін мүмкін сонда оған көзқарасымды өзгертемін. Бірақ мен эгоист адамдарды, өзін ғана ойлайтын және көп өтірік айтатын адамдарды ұнатпаймын", - деді актер.

Ал гонорары жайлы сұраққа Юсуф Чим барлығы жасалған контрактілерге байланысты деп жауап берді.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети