Ренат Гайсин мойындайтын әртістер, әндерінің бағасы және 2018 жылға уәдесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Белгілі композитор, музыкалық өңдеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Ренат Гайсин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі композитор, музыкалық өңдеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Ренат Гайсин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Ренат Гайсин Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов, Асылбек Еңсепов, Мақпал Исабекова және тағы басқа әншілермен бірге жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол "Жаужүрек мың бала", "Ағайынды", "Заблудившийся" фильмдеріндегі музыка авторы.

Композитор Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өзі мойындайтын әншілерді атап, жазған еңбектері қанша тұратынын айтып берді.

Сондай-ақ, композитор 2018 жылға уәде берді.

"(...) Мен өзімді композитор деп санамаймын. Себебі мен әлі үлкен мектепте жүрмін, әлі де жұмыс жасау керек. Бірақ бірде Қадыр атамыздың бір кітабын аштым да, "неліктен мен оның сөзіне ән жазбаймын" деген ой келді. Қаншама кетіп қалған тұлғалар бар, ақындар бар. "Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Фариза Оңғарсынованікі", "Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Қадыр Мырзалиевтікі" десе мен үшін үлкен бақыт емес пе? Келесі жылы мен осы ұлы ақындардың, ағаларымыздың сөздеріне арнайы ән жазамын деп уәде беремін. Осы кішкентай өзгерісім болсын. 2018 жыл осымен есте қалсын. Бұл адамдардың сөзіне ән жазу мен үшін үлкен арман", - дейді Ренат Гайсин.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook және Instagram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer