24 қараша 2017 18:28

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты. "The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында бала тәрбиесі, табысы және Дәурен Айдарқұловпен қандай жағдайда қайта қосылуы мүмкін екені жайында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында бала тәрбиесі, табысы және Дәурен Айдарқұловпен қандай жағдайда қайта қосылуы мүмкін екені жайында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет қандай жағдайда шоуменмен татуласып, қайта қосылуы мүмкін екенін айтты.

"Егер ол кісі отбасыға деген көзқарасын өзгертсе неге қайтадан қосылмасқа? Білмедім, өзінің отбасыға деген көзқарасы басқашалау. Оның ойындағы әйел ешқайда шықпайтын, құрбыларымен араласпайтын болуы керек. Ал менің отбасыға деген өмірлік көзқарасым басқаша. Күйеуі де, әйелі де неге жұмыс істемеске? Неге басқалармен де араласпасқа? Неге бірге қол ұстасып көшеде жүрмеске? Ал ол кісінің ойы бойынша басқа. Сондықтан біз шамалы келіспей қалдық", - деді әнші Дәурен Айдарқұловпен неге айырылысқанын түсіндіре отырып.

Айтуынша, әнші 2-3 жылда тұрмысқа шығатын ойы жоқ. "Ертең мысалға, ертең мен өмірлік серігімді тауып жатсам, балам мені қызғанып тұрмысқа шығармай қоюы мүмкін. Үлкен кісілер де бала есін білмей тұрған кезде тұрмысқа шығып кет деп ақыл-кеңесін айтып жатады", - дейді Ақбота-Нұр Сейітмағамбет.

Сұхбатта әнші жеке өміріндегі өзгерістер мен басына түскен қиындықтар жайлы әңгімеледі. "Болашаққа қандай жоспарлары бар?", "Ұлын қалай тәрбиелеп жатыр?", "Продюсер іздеп жүргені рас па?" деген сұрақтарға жауап береді.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook және Instagram желісінде. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети