22 маусым 2018 18:50

Әли Оқапов поп-музыка, жанұясы және үйлену жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Әли Оқапов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Әли Оқапов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әли Оқапов сұхбатында поп-музыканттар туралы, інісі Мәди жайлы және неліктен әлі күнге дейін үйленбей жүргені жайлы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ол сұхбат барысында әкесін еске алды.

"Мен әкеме тартқанмын. Кішкене суықтаумын, сезімге бағынбаймын. Ерте кеткені рас, 8 жаста болдым. Ең керек кездер - сол 14, 15 жаста әкенің кеңесі өте қажет деп ойлаймын. Себебі кішкентай кезінде сен оны сезбейсің. Бірақ музыка жағынан мүмкін қолдау жетпеген шығар. Көп кеңес берер еді деп ойлаймын, кейде анама қалай қолдау керектігі жайлы кеңестер берер еді деп ойлаймын. (...), - дейді Әли Оқапов.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Mad Men тобының музыканттары, 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал ЕслямоваНұржан Керменбаев,  Маржан Арапбаева, әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети