13 сәуір 2018 18:12

"Қазақстан аруы-2018" айтылған сын және жоспарлары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында болашаққа жоспарлары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында болашаққа жоспарлары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аруы атанған Альфия 16 жаста. Сұхбатында ол отбасы жайлы және Атыраудағы өмірі жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, Альфия оған айтылған сынға қатысты ойын айтып, міндетті түрде оқылуы керек үш кітапты атап өтті.

Мұнымен қоса, Альфия Ерсайын әлеуметтік желілердегі сұрақтарға жауап берді. Қазақстан аруы оған осы сұлулық байқауына қатысуға көмектескен адамдар жайлы да айтып берді.

Альфия Ерсайын Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде "Бейнелеу өнері мен сызу мұғалімі" мамандығын оқып жатыр. Волейбол мен бимен айналысады. 13 жасында модельдер мектебіне бара бастаған. Бастапқыда қыздың ата-анасы оның бұл қызығушылығына қарсы болған екен.

2017 жылы Альфия Ерсайын "Атырау аруы", ал 2018 жылдың 31 наурызында Альфия "Қазақстан аруы-2018" атанды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ең сұлу аруы Алфия Ерсайын осыған дейін  Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым..." бағдарламасында шамына тиген сұрақтарға жауап берген болатын.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актер театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети