06 сәуір 2018 | 15:24

Қазақстанның ең сұлу аруы Алфия Ерсайын шамына тиген сұрақтарға жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алфия Ерсайын. © Тұрар Қазанғапов Алфия Ерсайын. © Тұрар Қазанғапов

Таяуда ғана "Қазақстан аруы-2018" атанған Алфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым..." бағдарламасында шамына тиген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда ғана "Қазақстан аруы-2018" атанған Алфия Ерсайын Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым..." бағдарламасында шамына тиген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аруларын кімдер таңдайды?" атты тақырыпта әңгіме өрбіген бағдарламада жүргізуші бүгінде арулардың кітап оқуына қатысты мәселені көтеріп, аруларға студияда бірнеше сұрақ қояды. Сонда арулар қойылған сұрақтардың бірін білсе, бірін білмейтін болып шығады. Осы кезде Алфия Ерсайын "Арулар кітап оқымайды" деген тұжырыммен келіспейтінін мәлімдейді.

Айта кетейік, бағдарламаның осы шығарылымына "Мисс Virtual Kazakhstan 2018" конкурсына қыз кейпінде танысып, халық таңдауы бойынша жартылай финалға жеткен Илай Дягилов келіп, өзі ең сұлу ару қандай болуы керектігі жайлы ойын айтып берді. 

Бағдарлама ұйымдастырушыларының пікірінше, Тікелей эфирдің мақсаты адамдардың жалған емес, тек шынай эмоциясын көрсету. "Қызыққа толы ток-шоу отандық телевидениедегі жаңа бағыт болады. Әртүрлі адамның өз ойы, айтары бар. Біздің мақсат соны көрерменге жеткізу. Қазақстанда қоғамның өзекті мәселелерін көтеретін ток-шоулар аз. Сондықтан біздің бағдарлама өз уақытында, қажет арнадан шығып отыр", - дейді бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы.

Ләйләның айтуынша, бағдарламаның жаңа форматын директорлар кеңесі қабылдапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде жаңа бағдарламаны Алмас Алтаймен бірлесіп жүргізеді. "Өз ойым" деп аталатын ток-шоу қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселелер мен адамдардың өмірінен сыр шертеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer