06 сәуір 2018 15:47

Еркебұлан Дайыров қазақстандық комедиялар мен әйелі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, ол енді комедия жанрындағы киноларға түскісі келеді. Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров  "Әміре" фильмінде Мұстафа Шоқайдың ролін сомдады және сериалдардың бірінде Бауыржан Момышұлының ролінде ойнады.

Сонымен қатар, актер қазіргі заманауи отандық комедиялардың ұнамайтынын айтады. Айтуынша, қазақстандық комедиялардың ішінде үздік және үлгі боларлық комедия - "Тақиялы періште".

Мұнымен қоса, Еркебұлан Дайыров сұхбатында мінезі жайлы, соңғы рет қашан және кіммен төбелесіп қалғанын еске алды. Сондай-ақ, ол қазақстандық үздік актерлер мен режиссерлерді атады.

Ләйлә Сұлтанқызының отбасы және махаббат жайлы сұрағына актер әйелінің шығармашылық саладан болмауын қалағанын, бірақ дегенмен актрисаға үйленгенін айтты.

Және де актер Қазақстандағы гонорарлар жайлы, шетелдік фильмдерге түсуге келіп жатқан ұсыныстар жайлы әңгімеледі. Дайыров осы орайда ресейлік және отандық режиссерлердің айырмашылықтарын атап өтті.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актер Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети