16 наурыз 2018 12:09

Мәдина Сәдуақасова енесі және күйеуімен қарым-қатынасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова күйеуі және енесімен қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, отбасылық өмірге деген көзқарасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, әнші Қазақстан бойынша өткізетін сапарына тоқталып, бала көтеру жайлы жоспарларын бөлісті. 

Мұнымен қоса, Сәдуақасова сұхбатында мансап жолындағы қателіктерін еске алып, 22 жыл сахнада өткізген уақыты мен тыңдармандары және марапаттары жайлы әңгімеледі. 

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова 13 жасында "Әнші балапан" байқауына қатысқан. "Музыкальный вояж", "Жас Қанат" және "Голос Азии" байқауларына да қатысқан. Сонымен қатар, Мәдина Сәдуақасова "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети