09 ақпан 2018 18:38

"Нұрлан мен Мұрат" Балғымбаев, жеке өмір және құмар ойындар жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрлан мен Мұрат" дуэті Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында отбасы, кезінде болған танымалдық жайлы және заманауи қазақстандық эстрадаға қатысты ойларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұрлан мен Мұрат" дуэті Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында отбасы, кезінде болған танымалдық жайлы және заманауи қазақстандық эстрадаға қатысты ойларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртістер барлық сұраққа ашық жауап берді. Олар шығармашылық жолдарының қалай басталғанын, Нұрлан Балғымбаевтың тарапынан қандай көмек көрсетілгені, Мәскеуді "бағындырмақшы" болғандары туралы және денсаулық, құмар ойындар мен алкоголь жайлы әңгімеледі.

"Нұрлан мен Мұрат" дуэті Атырауда 1996 жылы пайда болған еді. Әртістер бірнеше хит ән жазып, халық арасында танымалдыққа ие болды. Бірақ 2000 жылдарға қарай олар концерт беруді тоқтатты. Ал 2015 жылы әншілер қайта дуэт болып, бірге өнер көрсететіндерін мәлімдеді.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети