26 қаңтар 2018 16:47

Бауыржан Ибрагим өміріндегі өзгерістер мен қонақүйдегі дау жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты, белгілі актер Бауыржан Ибрагим Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты, белгілі актер Бауыржан Ибрагим Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бауыржан Ибрагим сұхбатында өмірін қалай өзгерткені жайлы, қонақүйдегі дау, шығармашылық жоспарлары және жеке өмірі туралы әңгімеледі. 

Сондай-ақ, актер қазіргі уақытта театрда өнер көрсетіп жүрген жастарға баға беріп, өзінің арманы жайлы айтып өтті. "Менің көңілім толатыны - қазір жақсы балалар бар. (...) Мысалы, "Өнер қырандары", Қабатовтың театрындағы балалар... Жастар өсуі керек. Жалпы, талпыныс бар. Ал өзімнің арманым осы ерте ме, кеш пе - Қазақстанда бір мемлекеттік әзіл-сықақ театрын ашу. Әрекеттер жасадым, әлі де жасап жатырмын. Курс та аштым. Әзіл-сықақ эстрада актерлері деген мамандықты аштым. 13 бала қабылдадық, 9 бала курсты бітіріп шықты", - дейді актер бұл мәселені министрліктегілерге де ұсынғанын айта отырып.

Ал болашақтағы шығармашылық жоспарлары жайлы сұраққа актер биыл да "Бауыржан FEST" фестивалінің өтетінін айтты. "Бұл жолы фестивальдің масштабы үлкенірек болады. Себебі алдыңғысын мен өзім өз қаржыма өткізген болатынмын. Осы жолы Мәдениет министрлігінің қолдауымен бюджеттен ақша бөлініп, мықты қолдау көрсетіліп жатыр (...)", - деді Бауыржан Ибрагим.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети