23 ақпан 2018 22:20

Ғалымжан Молданазар жол апатынан кейінгі өмірі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Молданазар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында есірткілерге және фонограммаға деген көзқарасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғалымжан Молданазар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында есірткілерге және фонограммаға деген көзқарасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында белгілі әнші балалық шағын еске ала отырып, оқуды тастап кетіп, жатақханасыз қалғанын айтты. Айтуынша, ол вокзал мен саябақтарда түнеуге мәжбүр болған. Сондай-ақ, Молданазар жол-көлік оқиғасынан кейін оған үш ота жасалғаны жайлы айтып өтті.

Ғалымжан Молданазар шетелге жол жүрудің оған ауыр екенін және неліктен достары аз екенін айтып берді. Мұнымен қоса, ол шығармашылығын дамыту үшін еңбектенбейтін әртістер жайлы ойын айтты.

Сонымен қатар, әнші алдағы жоспарлары жайлы айтты. Молданазардың айтуынша, ол тобындағы әншілермен бірге дебюттік альбом дайындап жатыр және жақында АҚШ-қа кетіп, онда түрлі қалаларда концерт бермекші екен.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети