Ая Бапани қазақстандық сән үлгісі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

09 Наурыз 2018, 13:54
0
Ая Бапани қазақстандық сән үлгісі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" -

Қазақстандық белгілі дизайнер Ая Бапани Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ая Бапани cұхбатында өзінің есімі жайлы, әкесі жайлы және неліктен кейбір көйлектерді дайындауға бір ай уақыт кететіні, сондай-ақ, Қазақстандағы сән көрсетілімдерінің шетелдік көрсетілімдерден қандай айырмашылықтары бар екенін айтып берді. Мұнымен қоса, дизайнер жеке өмірі мен Швейцариядағы жұмысы жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар, дизайнер елімізде fashion-бизнесті дамыту үшін не істеу керектігі және оған қанша ақша қажет екені жайлы ойын айтты.

 

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай