Ресейлік "ЮВТ АЭРО" әуе компаниясы 25 шілдеден бастап Орынбор мен Алматы арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын ашады, деп хабарлайды Tengri Travel 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Тамыз айынан бастап ұшақтар әр жексенбі сайын қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау үшін 50 орындық Bombardier CRJ-200 әуе кемелері пайдаланылады.
"Біз Орынбор облысы мен көршілес өңірлер тұрғындары тарапынан Қазақстанға саяхаттауға деген тұрақты жоғары сұранысты көріп отырмыз. Алматы тек ірі іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар Орталық Азияның бірегей табиғаты мен мәдениетін бағалаушылар үшін тартылыс нүктесі", - деді компанияның бас директоры Петр Трубаев.
Бір бағытқа билет құны 17 026 рубльден басталады, бұл шамамен 101 мың теңге. Тарифке тасымалдаушының стандартты қызметтер жиынтығы кіреді.