23 наурыз 2018 12:23

Бейбіт Шуменов боксқа не себепті қайта оралады? Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы денсаулығына байланысты қиындықтар, бірнеше рет ота жасалғаны және шаршы алаңға қайтып оралғаны жайлы айтып берді. Шуменов қазақстандық жас боксшыларға кәсіпқой боксқа өту үшін не істеу керектігін айтты. Сонымен қатар, ол Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Батыр Жүкембаев, Данияр Елеусінов, Қанат Ислам және Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді. Бейбіт Шуменов ағылшын тілін үйренуге бірнеше жыл жұмсағанын және қазіргі уақытта испан және италиян тілін үйренгісі келетінін айтады. Боксшы жақсы қыз тауып, үйленгісі келетінін жасырмады.

Сондай-ақ, ол өз компаниясы жайлы айтып берді - Шуменов жас боксшылардың танылуына көмектесіп жүр.

Бейбіт Шуменов - қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA және IBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBO Asia Pacific, WBC Asian Boxing Council және PABA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы. Ол 1983 жылы 19 тамызда Шымкентте дүниеге келген. 2017 жылы Шуменов кәсіпқой бокстан кететіні жайлы айтқан, алайда кейінірек оның спорттық мансабын қайта жалғастырғысы келетіні туралы ақпарат тарады.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына әнші Динара Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети