Маржан Арапбаева бұрынғы күйеуі мен пластикалық ота жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

25 Мамыр, 20:05
0

Әнші Маржан Арапбаева "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әртіс пластикалық отаға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ, Маржан Арапбаева бұрынғы күйеуі жайлы, қазіргі енесімен қарым-қатынасы мен балалары жайлы әңгімеледі.

Мұнымен қоса, Маржан Арапбаева I Am Singer жобасы мен Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты. 

Маржан Арапбаева 1978 жылы 6 ақпанда Шымкентте дүниеге келген. 14 жасында алғаш рет  "Әнші балапан" аясында ұйымдастырылған байқауға қатысқан. Сонымен қатар, әнші "Жас қанат" және "Азия Дауысы" байқауларына қатысқан.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай