18 мамыр 2018 15:03

Ақбота Керімбекова жұрттың пікірі, билікке ұмтылу және тік мінезі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Ақбота Керімбекова "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Ақбота Керімбекова "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатында әнші балалары жайлы және оларға қандай тәрбие беріп жатқаны жайында әңгімелейді. Сонымен қатар, Керімбекова не себепті тұрмысқа шыққанын жария еткісі келмегенін, өзі жайлы түрлі қауесеттер туралы ойын айтады. 

Ақботаның айтуынша, сырттан келетін еш табысы жоқ. Басты табыс көзі гастрольдік концерттер екен. "Ешкімнен көмек сұрағым келмейді. Үлкен концертімді өткізгім келгенде ағаларымыздан демеуші болуды сұрайтын да шығармыз. Бірақ негізгі табысым концерттер", - деді ол. 

Әнші тұрмысқа шыққаннан кейін өнерде үзіліс алғанын, ал одан кейін қайта сахнаға шыққандағы сезімін сөз етті. "Тойларға, концерттерге барып тұрамыз, сонда әріптестер қайда жүрсің деп іздеп жатады. Тіпті арасында "күйеуге тиген жалғыз сен бе" деп әзілдейтіндері бар. Күйеуім сахнаға шығуға рұқсат бермеді деп айтпасам да, шектеу болды", - деп ағынан жарылды әнші. 

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети