"Qazkontent" АҚ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Моңғолияда тұрып жатқан қазақтардың күнделікті өмірі жайлы, тарихы, мәдениеті және құндылықтары жайлы "Қиырдағы қазақтар" фильмінің бірінші сериясын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздердің айтып отырғандарыңыз дұрыс. Бұл фильмнің көркемдік мәні ғана емес, терең мағынасы да бар. Жоба Мемлекет басшысының "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының арқасында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, біздің ойымызша, бұл жобаның бастауы ғана. Қазіргі уақытта шамамен 5 миллион отандасымыздың шетелде өмір сүріп жатқанын білеміз. Олар үшін бұл жоба аса маңызды", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Айта кетейік, деректі фильмнің мақсаты - шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың тыныс-тіршілігін көрсету. Команда үлкен жұмыс атқарды. Түсірілім тобы отандастарымыздың шетелде қалай тұрып жатқандарын өз көздерімен көрді. Фильмнің түсірілімдері Астраханда (Ресей), Ұланбатырда (Моңғолия), Ташкентте (Өзбекстан) және Душанбеде (Тәжікстан) өтті.