Қанымбек Қасымбеков
Қазақ мәдениеті ауыр қазаға душар болды. Бүгін Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Кинематографисттер Одағының мүшесі, белгілі кинорежиссер Қанымбек Қасымбеков 71 жасында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қанымбек Қасымбеков 1973 жылдың 4 ақпанында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Бүкілодақтық мемелекеттік киноматография институтын тәмамдаған. Қанымбек Қасымбеков оқуды бітірген соң, "Қазақфильм" киностудиясында еңбек жолын бастады. 1971 жылы жас режиссер өзінің тұңғыш толық метражды "Шоқ пен Шер" көркем фильмін түсірді. Бұл фильм 1972 жылы Монте Карлодағы халықаралық кинофестивальда "Ең үздік балалар фильмі" (1972) жүлдесін, сондай-ақ, 1973 жылы Ташкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін иемденді. 1974 жылы "Шоқ пен Шердің" режиссері Ленин комсомолы сыйлығын алды. Сондай-ақ кино өнерінің шебері Қанымбек Қасымбеков оннан аса деректі және көркем фильмдер түсірді. Режиссердің қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы қарсанында түсірген "Жамбылдың балалық шағы" атты фильмі Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер форумының ашылу салтанатында көрсетуге лайық туынды ретінде бағаланды. "Саған күшік керек пе?" фильмі "Шәкен Жұлдыздары" байқауында "Балалар тақырыбындағы ең озық туынды", 2004 жылы Сочи қаласында өткен Халықаралық "Кинотаврик" балалар кинофестивалінде "Ең ізгі фильм" арнайы жүлдесін жеңіп алған. Өнер майталманымен қоштасу 17 ақпанда сағат 9:00-де "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратында өтеді.
Қазақ мәдениеті ауыр қазаға душар болды. Бүгін Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Кинематографисттер Одағының мүшесі, белгілі кинорежиссер Қанымбек Қасымбеков 71 жасында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қанымбек Қасымбеков 1973 жылдың 4 ақпанында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Бүкілодақтық мемелекеттік киноматография институтын тәмамдаған.
Қанымбек Қасымбеков оқуды бітірген соң, "Қазақфильм" киностудиясында еңбек жолын бастады. 1971 жылы жас режиссер өзінің тұңғыш толық метражды "Шоқ пен Шер" көркем фильмін түсірді. Бұл фильм 1972 жылы Монте Карлодағы халықаралық кинофестивальда "Ең үздік балалар фильмі" (1972) жүлдесін, сондай-ақ, 1973 жылы Ташкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін иемденді. 1974 жылы "Шоқ пен Шердің" режиссері Ленин комсомолы сыйлығын алды.
Сондай-ақ кино өнерінің шебері Қанымбек Қасымбеков оннан аса деректі және көркем фильмдер түсірді. Режиссердің қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы қарсанында түсірген "Жамбылдың балалық шағы" атты фильмі Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер форумының ашылу салтанатында көрсетуге лайық туынды ретінде бағаланды. "Саған күшік керек пе?" фильмі "Шәкен Жұлдыздары" байқауында "Балалар тақырыбындағы ең озық туынды", 2004 жылы Сочи қаласында өткен Халықаралық "Кинотаврик" балалар кинофестивалінде "Ең ізгі фильм" арнайы жүлдесін жеңіп алған.
Өнер майталманымен қоштасу 17 ақпанда сағат 9:00-де "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратында өтеді.