SpongeBob мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpongeBob мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг қайтыс болды

Америкалық аниматор, SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг 57 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Variety сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық аниматор, SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг 57 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Variety сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, оның өлімінің себебі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы - амиотрофиялық жанама склероз болды. Хиллингбергтің өзі хабарлағандай, ауруы былтыр наурызда анықталған. 

"Бізге SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленбергтің қайтыс болғаны туралы хабарлау қиын. Бүгін оның өмірі мен жұмысын еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаймыз", - деп жазған  Nickelodeon телеарнасы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында және Sponge Bob-тың 1999 жылы мамырда шыққан алғашқы эпизодын көрсетті. 

Хилленберг аниматорлық карьерасын 1987 жылы бастады, оның алдында бірнеше жыл теңіз биологы болып жұмыс істеген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети