"Сұрдың елу реңі" ең нашар фильм ретінде "Алтын таңқурай" алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұрдың елу реңі" ең нашар фильм ретінде "Алтын таңқурай" алды

"Фантастикалық төрттік" және "Сұрдың елу реңі" картиналары "Алтын таңқурай" кинопремиясының тұжырымы бойынша 2015 жылдың ең нашар фильмдері атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Фантастикалық төрттік" және "Сұрдың елу реңі" картиналары "Алтын таңқурай" кинопремиясының тұжырымы бойынша 2015 жылдың ең нашар фильмдері атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нашар фильм атағынан үміттілердің арасында "Восхождение Юпитер", "Толстяк против всех" және "Пиксели" болды. Сонымен қатар, "Сұрдың елу реңі" нашар сценарий үшін антижүлде алды, ал фильмнің актерлік құрамы өткен кино маусымының ең сәтсіз құрамы атанды: ең нашар рольдері үшін антижүлдеге Джейми Дорнан мен Дакота Джонсон ие болды, сонымен қатар, олар актерлік нашар ансамбль үшін жүлделі болды.

"Оскар" иегері және биылғы үміткер Эдди Редмэйн "Алтын таңқурайды" "Восхождение Юпитер" картинасындағы ролі үшін алды. Бұл аталым бойынша әйелдер арасында Кейлин Куоко жүлделі болды, ол оған "Элвин и бурундуки: Грандиозное бурундуключение" атты мультипликациялық фильмінде кеміргіштің дауысын салғаны үшін берілді. Ең нашар режессура үшін жүлде Джош Транкқа бұйырды ("Фантастикалық төрттік").

Айта кетейік, "Алтын таңқурай" антижүлдесі "Оскар" қарсаңында жыл сайын беріледі. Жеңімпаздарға таңқурай түріндегі мүсінше табысталады, оған алтын бояу жағылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети