"Сұрдың елу реңі" фильмінің режиссері картинаның жалғасын түсіруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұрдың елу реңі" фильмінің режиссері картинаның жалғасын түсіруден бас тартты "Сұрдың елу реңі" фильмінен алынған кадр

"Сұрдың елу реңі" фильмінің режиссері Сэм Тейлор-Джонсон картинаның жалғасын түсіруден бас тартты, - деп хабарлайды Lenta.ru The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұрдың елу реңі" фильмінің режиссері Сэм Тейлор-Джонсон картинаның жалғасын түсіруден бас тартты, - деп хабарлайды Lenta.ru The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасап.

"Сиквелді мен түсірмесем де, екінші және үшінші фильмді қолына алатын адамға сәттілік тілеймін. Бұл картинамен жұмыс істеу өте қызу әрі адам сенгісіз болды, сондықтан осы тәжірибе үшін зор алғысымды білдіремін", - деді кинематографшы.

Ол ерекше алғысты Universal компаниясына, продюсерлерге, түсіруші топ пен басты рөлдерге ойнаған Дакота Джонсон мен Джейми Дорнанға айтты. Айта кетейік, түсірілім кезінде Сэм Тейлор-Джонсон мен романының желісі бойынша фильм түсірілген жазушы Э.Л.Джеймстің арасында жобаны бақылауға қатысты тартыс болды. Кітаптың авторы картинаның шығармашылық тобын ауыстыруды талап етті.

Бұған дейін Тэйлор-Джонсон сиквелдерге "Елу реңге қараңғылау" және "Бостандықтың елу реңі" деген атпен жұмыс жасалып жатқаны туралы деректі растаған болатын, бірақ бұл процесс режиссер мен жазушы арасындағы келіспеушіліктерге байланысты біраз кідірді.

"Сұрдың елу реңі" фильмі прокаттан 500 миллион доллардан аса қаржы түсірді. Оның тұсаукесері 12 ақпанда болды. "Сұрдың елу реңі" романында миллиардер Кристиан Грей (Джейми Дорнан) мен студент Анастейша Стилдың (Дакота Джонсон) қарым-қатынастары туралы баяндалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети