Талғат Теменовтің "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Теменовтің "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі прокатқа шықты Сурет "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Адигул продакшн" кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Біздің қаланың ханзадасы" көркем фильмі 19 қазаннан бастап прокатқа шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Режиссері әрі сценарий авторы - Қазақстанның халық артисі - Талғат Теменов.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Адигул продакшн" кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Біздің қаланың ханзадасы" көркем фильмі 19 қазаннан бастап прокатқа шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Режиссері әрі сценарий авторы - Қазақстанның халық артисі - Талғат Теменов.

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талгат Теменовтың жаңа кинотуындысы жалғыздықтың күйін кешіп жүрген балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығы туралы баяндайды. 

"Біздің қаланың ханзадасы" - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария туралы әсерлі оқиға. Фильмнің негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі болып табылады. Бұл фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулері. Фильм - адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсетеді.

Фильмнің түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Ануар Толеугажы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай ("Жаужүрек Мың Бала", "Жоюшы", "Тығырықтан жол тапқан") сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрының (Астана қаласы) актерлері түскен.

Еске салайық, "Біздің қаланың ханзадасы" фильмінің тұсаукесері (жұмыс атауы "Бибол") биыл 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық "Еуразиялық көпір" кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілді.

Қазақстандықтар "Біздің қаланың ханзадасы" фильмін бүгін - 19 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан көре алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети