Талғат Теменовтің фильмі Кореядағы халықаралық кинофестивальге қатысады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Талғат Теменовтің "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі Кореядағы кинофестивальге қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талғат Теменовтің "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі Кореядағы кинофестивальге қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

9-15 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан кинофестивальдің Busan International Kids & Youth Film Festival бағдарламасында Талғат Теменовтің "Біздің қаланың ханзадасы" көркем фильмі көрсетіледі. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Адигул продакшн" компаниясының қатысуымен түсірілген.

Staying Together бағдарламасына қатысатын Теменовтың фильмі үйлесімділік, отбасылық махаббат және достыққа арналған. Еске салайық, "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан шал жайлы, олардың кездейсоқ таныстығы үлкен достыққа айналған әсерлі оқиға туралы. Шал балаға туғанындай жақын болып кетеді. Бибол Қасымханмен араласа келе, адамның рухани және адамгершілік қасиеттерінің арқасында шынайы бақытқа қол жеткізе алатынын түсінеді. 

Айта кетейік, фильмде басты рөлді сомдаған актер Төлеубек Аралбай 2018 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальдің "Ең үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша  жеңіп алды. Сонымен қатар, Дакка қаласында өткен 17 ХКФ-де "Біздің қаланың ханзадасы" фильмі "Бадал Рахманның ең үздік балалар фильмі" (*Бангладеште балаларға арналған толықметражды көркем фильм түсірген алғашқы кинорежиссер) марапатына ие болды. Сондай-ақ,   картина II халықаралық "Еуразиялық көпір" атты кинофестивалінің  негізгі конкурсында көрсетіліп, Севастополь қаласындағы "Алтын Витязь" Халықаралық Кинофорумның бағдарламасына қатысқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro