Танымал кинорежиссер Эдвард Құлбаев өмірден өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал кинорежиссер Эдвард Құлбаев өмірден өтті Эдвард Құлбаев

Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі, әдебиетші, кинорежиссер Эдвард Айтқазыұлы Құлбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі, әдебиетші, кинорежиссер Эдвард Айтқазыұлы Құлбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы әдебиетші, кинорежиссер, сценарист, ұстаз, Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі – Эдвард Айтқазыұлы Құлбаевтың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туғандарына қайғырып көңіл айтады", - делінген Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Іnstagram-парақшасында.

Эдвард Айтқазыұлы 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Заводинка ауылында дүниеге келген. Киров атындағы ҚазМУ биология факультетін бітіріп, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлерді даярлайтын жоғары курсты аяқтаған.

Эдвард Айтқазыұлының әңгімелері мен шығармалары "Жалын" баспасынан шығатын "Юность", "Простор" журналдарында жарияланып тұрған. Режиссер және сценарист ретінде "Жел мен тұз" (1989), "Айтыс" (1990), "Беларусь шебі" (ҰОС-дағы Белоруссияны азат еткен қазақстандық жауынгерлер туралы, 2010), "Василий Смыслов", "Үйлесімділік іздеуде" (2012) сынды деректі фильмдердің авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети