"Тақтар ойынын" түсірушілер соңғы маусым қалай аяқталатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тақтар ойынын" түсірушілер соңғы маусым қалай аяқталатынын айтты © Mixnews

"Тақтар ойыны" телехикаясын түсірушілер соңғы маусымда көрермендердің сүйікті кейіпкерлерінің көпшілігі мерт болатынын мәлімдеді, - деп жазады Variety порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тақтар ойыны" телехикаясын түсірушілер соңғы маусымда көрермендердің сүйікті кейіпкерлерінің көпшілігі мерт болатынын мәлімдеді, - деп жазады Variety порталы. 

Телехикаяны түсірумен айналысып жатқан команда соңғы маусым көрермендердің көңілінен шығады деген сенімде. 

"Бұл өміріміз бен мансабымыздағы өте маңызды кезең. Актерлер өздері сомдайтын кейіпкерлердің мерт болатындығына және олардың қалай қаза боларына да таңданды", - дейді HBO арнасының вице-президенті Франческа Орси.

Оның сөзінше, түсірілім тобы сценарийді оқыған соң 20 минут бойы қол шапалақтап, көздеріне жас алған. 

"Тақтар ойыны" телехикаясының соңғы маусымы 2019 жылы көрсетіледі деп белгіленген. Телехикая Джордж Мартиннің "Мұз бен жалын жыры" циклының негізінде түсірілген. Оқиға ойдан шығарылған екі құрлықта өрбиді, онда бірнеше ақсүйектер әулеті Весторстың жеті патшалығын билеу үшін таласады. Сонымен қатар, тылсым күштердің қаупінен адамзат жойылып кету алдында тұр. 

"Тақтар ойыны" оқиғаның егжей-тегжейін ашу, сюжеттердің күтпеген өзгерісі және ұнап үлгерген кейіпкерлердің аяқ-асты мерт болуымен көпшілікке ұнаған. Бұл телехикая тарихтағы ең танымалдардың бірі атанып, 38 "Эмми" жүлдесін иеленген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети