Тарантино 56 жасында әке атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тарантино 56 жасында әке атанды

56 жастағы америкалық режиссер Квентин Тарантиноның 36 жастағы жары израильдік Даниэла Пик ұл тапты. Нәресте Тель-Авивтегі "Ихилов" ауруханасында дүние есігін ашты. Бұл туралы 22 ақпанда, сенбіде "Вести Израиль" басылымы хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

56 жастағы америкалық режиссер Квентин Тарантиноның 36 жастағы жары израильдік Даниэла Пик ұл тапты. Нәресте Тель-Авивтегі "Ихилов" ауруханасында дүние есігін ашты. Бұл туралы 22 ақпанда, сенбіде "Вести Израиль" басылымы хабарлады.

Тарантино мен Пик 2018 жылы қарашада ресми түрде отау құрды. Екеуі де бірінші рет үйленген. 

2020 жылы қаңтарда режиссер әйелінің Израильде жүктілік қалай өткенін айтты: "Осындағы өмірім тамаша. Даниэла үйде және бұл керемет. Біз баланы күтеміз, жарымның қуанышында шек жоқ. Мен оған бір қарап-ақ өзімді бақытты сезінемін. Күндіз мен кабинетте кітап жазамын, Даниэла түскі ас дайындайды. Содан кейін біз бірге тамақ ішеміз. Кешке кешкі ас, содан кейін теледидар көреміз, не басқа іспен айналысамыз. Сосын ұйықтаймыз. Кейде мен кабинетке ораламын, біраз жазамын да жұбайымның жанына барамын. Білесіз бе, мен ешқашан болмаған қарапайым өмір сүріп жатырмын. Қарапайым әрі нақты өмір. Мен бақыттымын".

2009 жылы Тарантино Тель-Авивке "Бесславные ублюдки" фильмінің әлемдік жарнама турында дүниежүзілік танымал режиссер мен Израиль әншісі арасында сезім пайда болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети