24 желтоқсан 2014 | 18:03

Темірбек Жүргеновтің өмірі жайлы деректі фильм түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірбек Жүргенов Темірбек Жүргенов

Қазақстанда КСРО мемлекеттік қайраткері Темірбек Жүргенов туралы деректі фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмнің жабық көрсетілімі Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда КСРО мемлекеттік қайраткері Темірбек Жүргенов туралы деректі фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмнің жабық көрсетілімі Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өтті.

Лентада режиссер Еркін Рақышев халыққа белгілі деректерге ғана емес, сонымен қатар осы уақытқа дейін беймәлім болып келген бірнеше материалға сүйене отырып, Қазақ КСР ағарту ісі министрінің өмірі жайында баяндайды. "Біз Темірбек Жүргенов пен оның әйелінің төлқұжатын тауып алдық. Оның саяси қайраткерлігіне қатысты бірнеше материал таптық. Біз Мәскеудегі Федералдық қауіпсіздік қызметінің және өзіміздің мұрағаттарымыздан іздедік. Федералдық қауіпсіздік қызметінің мұрағатынан үкімді орындау туралы акт алдық. Оны тек жақын туысқандарына береді, біз солар арқылы алдық. Актіде оны кім, қашан атқаны және дәрігерлердің қорытындысы көрсетілген", - деді Рақышев.

Режиссер Жүргеновтің өмірінен кейбір қызықты деректерді келтірді. Ол бұл деректерді картинада көрсеткен. "30-жылдары Қазақстанда көтерілістер көп болған, солардың бірі Қарақұмда өтті. Оны Темірбек Жүргеновтің әкесі мен оның туған бауырлары ұйымдастырған. Бұл уақытта Темірбек Ташкентте мәдениет министрі болды, сол кезде ағарту министрі деп аталды. Ол өзі миистр, ал әкесі кеңес билігіне қарсы шықты. Біз мұнда Жүргеновтің министр болып жұмыс істеп жүріп, әкесі мен оның бауырларына көтерілісті күшейтуге астыртын көмектескенін анықтадық. Біз өте көп құжат таптық", - деді Рақышев.   

Айта кетейік, Темірбек Жүргенов - мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, қазақ мәдениетінің білгірі, ол еліміздің білім, мәдениет және өнер салаларының дамуына зор үлес қосты. Ол - әр жылдары Одақтың үш бірдей республикасы - Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ағарту министрі болған жалғыз адам. 

Жүргенов 1898 жылы Қызылорда облысы Жаңаталап ауылы Жүрген қыстауында дүниеге келген. Оның әкесі Қара және атасы Қуан ақсүйектер тұқымынан шыққан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети