"Теории большого взрыва" телесериалының 12-ші маусымы соңғы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теории большого взрыва" телесериалының 12-ші маусымы соңғы болады "Теории большого взрыва" сериалынан үзінді

Танымал америкалық "Теория большого взрыва" телесериалы 12-ші маусымнан соң 2019 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал америкалық "Теория большого взрыва" телесериалы 12-ші маусымнан соң 2019 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Біз 12 маусым бойы бізді қолдап келген табынушыларымызға алғыс білдіреміз. Біз - актерлер, сценаристер және түсіру тобы - финалдық маусымды және финалдық серияны "Теорию большого взрыва" аяқталатындай етеміз", - делінген продюсерлер хабарламасында. 

Осыған дейін, CBS телеарнасының өкілі телесериалдың 13-ші маусымы болады дегенді де жоққа шығармаған еді. 

Соңғы сериялар 2019 жылы мамырда көрсетіледі. 

"Теория большого взрыва" - америкалық ситком, онда жас физиктердің өмірі, достары және көршісі жайлы айтылады. Сериалды Warner Bros. Television және Chuck Lorre Productions түсіріп жатыр. Олар бірнеше мәрте "Эмми" телепремиясын иеленген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети