"Терминатор-2: Судный день" фильміндегі актриса Лесли Хэмилтон қайтыс болды, ол "Терминатор" кинокартинасының екі бөлігінде Сара Коннорды ойнаған Линда Хэмилтонның егіз әпкесі. Бұл туралы Movie Web мәлімдеді, - деп хабарлайды Kinonews.ru.

Лесли Хэмилтон 22 тамызда 64 жасында АҚШ-та қайтыс болды. Оның отбасы бұл туралы ресми түрде тек қазір жариялап отыр. Өлім себебі айтылмады.
Лесли Хэмилтон кәсіби актриса емес, ол медбике болып жұмыс істеген. Алайда "Терминатор 2: Судный день" фильмін түсіру кезінде режиссер Джеймс Кэмерон эффектілер мен арнайы түсірілім әдістерін қолданбау үшін әпкелі-сіңілінің ұқсастығын пайдаланған.
Картинаның соңғы бөлігінің эпизодтарында Лесли Сара Коннорға айналған Т-1000 Терминаторын ойнаған. Сондай-ақ, ол Сара баласы Джонмен ойнап жүрген кезін бақылап тұрғандағы сценада түскен және оны бұл фильмдегі басқа да эпизодтардан көруге болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!