13 қараша 2014 | 11:38

Тимур Бекмәмбетов жаңартқан "Ревизор" қазақстандық прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақымақтың күні" фильмінің постері ©Меломан компаниясы "Ақымақтың күні" фильмінің постері ©Меломан компаниясы

Тимур Бекмәмбетовтің продюсерлігімен түсірілген "Ақымақтың күні" ("День дурака") фильмі қазақстандық прокатқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комедия - Николай Гогольдің "Ревизор" атты шығармасының интерпретациясы. Тимур Бекмәмбетов комедиясының сюжеті бойынша, бас кейіпкерді шалғайдағы қалашықта жасырын атпен тексеруге келген Тергеу комитетінің қызметкері деп ойлайды. Оның басындағы үлкен несие жағдайды күрделендіре түседі де ол қарыз ақшаны қайтарып алумен айналысатын коллектордың тұтқынына айналады. Қалада болған әр сәт сайын оның кім екені анықталуға жақын.

Иконка комментария блок соц сети

Картинаның режиссері Александр Баранов фильмге әзілмен қарауға шақырды. "Ресейдің басты қасіреттерінің бірін әзілмен көрсетеміз, сатирасыз: ешкім үздік емес, ешкім де нашар емес - бәрі жақсы. Фильмде болып жатқан оқиғаға көрермендер әбден күледі деген сенімдеміз, бірақ бізде дәл осындай жағдай екенін біліп, бір күрсініп те алатын кез болады", - деді ол. Басты рольде Тергеу комитетінің жалған қызметкері болып ойнаған актер Алексей Веселкин мұндай жағдайдың өмірде де болуы мүмкін екенін айтты. Картинаның сюжеті бойынша, оның Дмитрий Медведевпен бірге түскендей болып бейнеленген жалған суретін көрген қаладағылар оны қатал тексеруші екен деп қалады. "Мені метрода тоқтатып алып, құжатымды тексерді. Полицейлермен әңгімелестік, көліктер туралы әңгіме айтылды, содан кейін ол менің жарысуға арналған Toyota маркалы көлігімнің суретін көрсетуді сұрады. Мен телефонды ашып қалғанда онда Медведевпен түскен суретім тұрған, мен оның алдында бұл суретті достарыма көрсеткенмін. Полицей жазып алып, суреттегі адамның кім екенін абайлап сұрап алды. Дмитрий Анатольевич екенін білген соң дереу жібере салды", - деді актер.

Қазақстандық кинопрокатпен айналысатын "Меломан" компаниясының кинопрокатты жылжыту жөніндегі жетекші маманы Нариман Әбиевтің айтуынша, "Ақымақтың күні" - жемқорлыққа қарсы комедия. "Ресейдегі жемқорлық Қазақстандағы жемқорлыққа ұқсайды. ҰҚК қызметкері куәлігін принтерден шығарып алып, қызметтік автокөліктерден тонировкаларды шешкен студент естеріңізде ме? Оны ұстап алған, бірақ кейін босады. Мұндай оқиғалардың болып тұруы заңды. Фильмнің режиссері Александр Баранов - біздің жерлесіміз. Ол Алматыда дүниеге келген. Ол Виктор Цоймен бірге "Ине" ("Игла") фильмінің сценарисі болды, "Шыршалар-2" (Елки-2) фильмін түсірді. Тимур Бекмәмбетов оған мұндай жобаларды сеніп тапсырады", - деді Әбиев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети