02 маусым 2019 16:43

Тимур Бекмамбетов жарымен Нұр-Сұлтанға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Бекмамбетов жарымен Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Тимур Бекмамбетов жарымен Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Танымал режиссер жары Наталья Фишманмен бірге  Қазақстан астанасында өтіп жатқан Comic Con фестиваліне келді. 

Нұр-сұлтанда Comic Con фестивалінің үшінші күні өтіп жатыр. Ауқымды шараның арнайы қонағы "Тақтар ойыны" сериалында Эурон Грейджойдың рөлін сомдаған актер Пилу Асбек болды.

Биыл көктемде Тимур Бекмамбетовтің үйленгені белгілі болды. Оның жары - Татарстан президентінің көмекшісі Наталия Фишман.

Осыған дейін жұптың неке қию рәсімі "Қазан" Отбасы орталығында өткені айтылды. Үйлену тойы туыстары мен достарының арасында өтті.

Айта кетейік, БАҚ-та белгілі режиссер ауырғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін Bazelevs компаниясының директоры Тимур Асадов режиссер Тимур Бекмамбетовтың ауыр сырқаты туралы мәліметтер жалған екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети