Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended деп аталатын үрейлі фильмі АҚШ кинопрокатына шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended деп аталатын үрейлі фильмі АҚШ кинопрокатына шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Режиссер Лео Габриадзенің ресейлік хорроры 17 сәуірде АҚШ экрандарынан көрсетіліп, 16 миллион АҚШ долларын тапты және кассалық жиындар бойынша үшінші орынға көтерілді. Box Office Mojo порталының хабарлауынша, бірінші орында Джеймс Ванның "Форсаж-7" фильмі тұр (29 миллион 56 мың доллар), екінші орында Энди Фикменнің "Толстяк против всех" фильмі тұр - 24 миллион доллар.
Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетовтің үрейлі фильмі аз қаражатқа түсірілген, басты рольдерді танымал емес, жас актерлер сомдады. Картина оқиғасы компьютер экрандарында болатындықтан, фильмнің ұтымдылығы оның жанрына байланысты болып отыр. Картинада бір жыл бұрын қайтыс болған қыз өзінің сыныптастарымен Skype-те сөйлесетін болады. Қыздың өліміне фильм кейіпкерінің Интернетте күн көрсетпеуі себеп.
Фильмнің продюсерлік жұмысын Бекмәмбетовпен АҚШ тарапынан "Паронормальное явление", "Астрал", "Синистер" сияқты хоррор-франшизалардың авторы Джейсон Блум атқарды.
Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended фильмі Монреальда өткен Fantasia жанрлық кинолар фестивалінде екі марапатты жеңіп алды. Америкалық Cybernatural қорқынышты фильмі техникалық және тұжырымдамалық шешімі үшін қазылар алқасының арнайы ескеруін және көрермендердің ықыласы бойынша тағайындалатын "Ең инновациялық фильм" сыйлығын жеңіп алды.