07 желтоқсан 2016 | 12:45

Тоқал барлық жерде бар: Гаухар Нұртас атышулы фильмін таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға "Тоқал" фильмі көрсетілді. Ресейлік режиссер Евгений Чельцов түсірген әлемдік картинаның тұсаукесері 6 қарашада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильмнің продюсері Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп кеткен Гаухар Нұртас. "Тоқал" оның халықаралық көлемде түсірілген алғашқы жобасы екен.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға "Тоқал" фильмі көрсетілді. Ресейлік режиссер Евгений Чельцов түсірген әлемдік картинаның тұсаукесері 6 қарашада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильмнің продюсері Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп кеткен Гаухар Нұртас. "Тоқал" оның халықаралық көлемде түсірілген алғашқы жобасы екен.

"Біздің фильм Қырғызстанда, кейінірек Әзірбайжанда, Моңғолияда көрсетілетін болады. Сонымен қатар, біз "Тоқал" фильмін Түркияда да көрсетуді жоспарлап отырмыз, - дейді продюсер. - Фильмнің тақырыбы өзекті. Ол, әсіресе, Орталық Азия тұрғындарына жақын. Бірақ бұл картина Еуропа мен Америка көрермендеріне ұнамайды деген сөз емес (...) Олай емес, тоқал барлық жерде бар. Тек онда ол басқаша аталуы мүмкін".


 Гаухар Нұртас © Tengrinews.kz

Фильмде басты рөлде ойнаған Ерік Жолжақсынов екі әйел алу туралы ойлайтынын мойындады. "Неліктен екі әйел алмасқа? Демографияны көтереді ғой", - дейді актер. Оның айтуынша, ер адамдарға қарағанда әйелдер бізде көп. Сондықтан да тоқал алу өзекті мәселе болып қала бермек.


Ерік Жолжақсынов. © Forbes.kz


Басты кейіпкердің екінші әйелдің рөлін жас қыз Жанель Мақажан ойнады. © Tengrinews.kz

Сондай-ақ, фильмдегі басты рөлдердің бірінде Тұңғышбай Жаманқұлов ойнайды. Бірақ ол фильмді таныстыру кешіне келмеді. Айта кетейік, фильм Алматы мен АҚШ-та 16 күн ішінде түсірілген. Картина авторы фильмнің бюджеті жайлы ештеңе айтпады. Оның айтуынша, бұл коммерциялық құпия. Енді "Тоқал" қазақстандық прокатқа 8 желтоқсанда шығады.

Сюжет бойынша дәулетті Қайрат есімді ер адам екінші отбасын құрады. Алайда оның заңды әйелі Бота барлығын біліп қояды. Бірақ Ботаның ата-анасы оған күйеуінің бұл әрекетіне көнуіне кеңес береді. Себебі Ботаның әкесінде де екінші отбасы болған екен. Дегенмен Бота бәйбіше болуға келіспейді. Содан Қайрат пен оның екінші әйелі Камила ұл табады. Осыдан отбасында қиындықтар басталады. Қайрат қайын атасының компаниясындағы жұмысынан айырылады. Жаңа әйелімен де ұрыс-керіс басталады. Ал фильмнің титрларында қазақстандық отбасылардың 50 пайызының осындай жағдайға тап болатыны және балалардың 80 пайызының осыдан зардап шегетіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети