Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында неліктен "Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында неліктен "Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
"Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады.
Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары - фильмнің қазаша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік! Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз", - деп жазды Ақан Сатаев.
Сондай-ақ, режиссер осы фильмнің көрсетілімге кешігіп шығатыны үшін кешірім сұрады.
"Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз", - деп түйіндеді ол.