20 ақпан 2014 11:04

"Тірі қалған" драмасы қазақстандық прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Film.ru ©Film.ru

Биыл "Оскарға" ұсынылып отырған картиналардың бірі - америкалық режиссер Питер Бергтің "Тірі қалған" ("Уцелевший") әскери драмасы бүгіннен бастап, еліміздің кинотеатрларынан көрсетіледі. Фильм "Арман" киноорталығы ұйымдастырған "Оскар" киномарафоны" айлық шарасы аясында ең алдымен журналистерге көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әскери картинаға Маркус Латтрелдің деректі шығармасы негіз болған. Оқиға желісі 2005 жылдың 28 маусымында болған "Қызыл қанаттар" операциясы туралы. АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Арнайы операциялар бөлімшесінің жауынгерлеріне ("теңіз мысығы") Ауғанстанда моджахедтер жетекшісі Ахмад Шахты өлтіру тапсырылады. Бірақ әскерилердің күтпеген жерден екі баласы бар малшыға кезігуі операцияның орындалмай қалуына себеп болады. Картинада Марк Уолберг, Тейлор Китч, Эмиль Хирш, Эрик Бана, Бен Фостер, Александр Людвиг сияқты актерлер 2005 жылы қаза тапқан әскерилердің образына жан бітіреді. Драмада адамгершілік, төзімділік, соғыс заңы мен ізгіліктің қатынасы мәселелері көрерменге ой салады. "Тірі қалған" биылғы "Оскарға" "Үздік дыбыс" және "Үздік дыбыстық монтаж" номинациялары бойынша ұсынылып отыр. Фильмнің индексі: Е16, яғни оны 16 жасқа толмағандарға ата-анасымен бірге көруге ғана рұқсат етіледі. Айта кетейік, мазмұны, көркемдік ерекшелігі жөнінен өзге әскери драмалардан көп айырмашылығы болмаса да, бұл картина жарыққа шыға сала Солтүстік Америка прокатында көш бастаған болатын. Еске салайық, Алматыда "Арман" киноорталығында "Оскар" киномарафоны шарасы қаңтардың 23-інен 28 ақпан аралығына дейін өтеді. Бұған дейін "Льюин Дэвистің ішінде", "Тамыз", "Уолл-стрит қасқыры" фильмдері көрсетілді. "Оскар" сыйлығы жеңімпаздары 2 наурызда Лос-Анджелесте салтанатты жағдайда жария етіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети