"Тұлғалық өсу тренингі" фильмі бірден үш кинофестивальге қатысады

viewings icon 650 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген Фархат Шәріповтың "Тұлғалық өсу тренингі" фильмі жақын арада өтетін бірден үш халықаралық кинофестивальге қатысады. Ең алдымен бұл кинотуынды Үндістанның Асама қаласында өтіп жатқан 3-ші Guwahati IFF (31 қазан - 6 қараша аралығында) фестивалінің  бағдарламасы аясында көрсетіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген Фархат Шәріповтың "Тұлғалық өсу тренингі" фильмі жақын арада өтетін бірден үш халықаралық кинофестивальге қатысады. Ең алдымен бұл кинотуынды Үндістанның Асама қаласында өтіп жатқан 3-ші Guwahati IFF (31 қазан - 6 қараша аралығында) фестивалінің  бағдарламасы аясында көрсетіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар бұл фильмді қарашаның 1-і мен 8-і аралығында Беларуссияның астанасы - Минскіде өтетін 26-шы "Листопад" кинофестивалінде көруге болады. Фархат Шәріповтың кинотуындысы осы фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.

"Тұлғалық өсу тренингі" фильмі қатысатын келесі фестиваль - Лос-Анджелестегі  (АҚШ) қарашаның 6 мен 14 аралығында өткізілетін Asian World Film Festival атты кино байқауы. Айта кетсек, бұл кинофестивальде "Қазақфильмнің" басқа да фильмдері көрсетіледі.

Фархат Шәріповтың "Тұлғалық өсу тренингі" фильмі  қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін кешіп жүрген, өмірден ештеңе күтпейтін банк қызметкері Қанат (Дулыға Ақмолда) туралы баяндайды. Бір күні бас кейіпкер коуч-тренердің (Әнуар Нұрпейісов) өмірде табысқа жету және көшбасшы болу жайлы тұлғалық өсу тренингіне қатысады. Көшбасшылықтың қыр-сырын түсініп, біраздан бері көрмеген танысы Даниярды (Ержан Тусупов) кездестіргенде, оның өмірге деген көзқарасы өзгереді.

"Әлемнің түкпір-түкпірінде біздің фильмнің көрсетілетініне қуаныштымын. Шетел көрермендерінің көңілдерінен шығатынына үміттенемін", - деді Фархат Шәріпов.

Айта кетсек, "Тұлғалық өсу тренингі" фильмі биыл сәуір айында қазақ киносының тарихында алғаш рет  41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болды. Байқаудың бас жүлдесі үшін берілетін "Алтын Георгий" сыйлығын Фархат Шәріповқа фестивальдің халықаралық қазылар алқасының төрағасы, атақты корей режиссері Ким Ки-дук  табыстады. Сонымен қатар аталған фильм XV халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде де Бас жүлдеге қол жеткізген болатын.

Отандық кинотуынды биыл жаз айында  ресейлік прокатқа шықты. Ал қазақстандық көрермендерге бұл фильм осы жылдың ақпан айында ұсынылған болатын.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
4°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю